Esentai Mall алдына түнде көлік қоюға болмайды

721

 Алматылық жастардың сүйікті тұрағында жаңа белгі қойылды.

Esentai Mall алдына түнде көлік қоюға болмайды

Әл-Фараби даңғылында орналасқан Esentai Mall алдындағы ашық тұрақ автомобилистерге жақсы таныс. Кеш бата мұнда жастар көп жиналады. Олар музыканы бар даусына қойып, қорқор тартады, арасында дрифт жасап өзгеге мақтанатындары бар. Бұл жағдай қала билігіне ұнамаса керек, тұрақта 3.28 "Тұруға тыйым салынады" деген белгі пайда болды. Шектеу 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін күшінде болады.

Алматыда түнде көлікпен жарысатындарға да тықыр таянғанын айта кеткен жөн. Жергілікті полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтің айтуынша, "шабандоздар" жиналатын орындар бақылауға алынып, қосымша камералар орнатылды. Тәртіп сақшылары даусы тым қатты шығатын темір тұлпарларды ерекше назарға алады.

Таяуда рейд жүргізіліп жылдамдықты жақсы көретін 50-ден астам бұзақы айыппұл арқалады. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу