Заңгерлер мен есепшілер көрсеткен қызметтің 90%-ы Нұр-Сұлтан мен Алматыға тиесілі. Finprom.kz сайты жылдың 10 айында салада қандай өзгерістер болғанына талдау жасапты.
"Нотариустер клиентінен айырыла бастады. Олардың қызметіне деген сұраныс жыл басынан бері екі есе азайған. Есепшілер мен заңгерлер 10 айда 78,1 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Бұл былтырғыдан0,4% төмен", – деп жазады Finprom.kz.
Аталған 78,1 млрд теңгенің 54 млрд теңгесі Алматы қаласына тиесілі болып отыр. Екінші орындағы Нұр-Сұлтан қаласына көрсетілген қызметтің 1,94%-ы, ақшамен есептегенде 15,3 млрд теңгесі тиген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу