Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Сенат кулуарында Талғардағы изолятордан күдіктінің қашып кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өкінішке қарай, бұл жағдай өз қызметіне дұрыс қарамағаннан болды. Әдейі ешкім істеген жоқ, біз қызметтік тексеріс жүргіздік. Бірқатар басшылық құрам мен тікелей жауапты қызметкерлер жауапқа тартылды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біз істі қараймыз", – деді Ержан Сәденов тілшілердің сауалына берген жауабында.
ІІМ басшысының айтуынша, күдіктінің қашып кетуіне тікелей жол бергендер жауапқа тартылған.
Айта кету керек, Талғарда зорлау оқиғасында күдікті деп танылған азамат уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткенін жазған болатынбыз.