Қызылордада оқушылар сыныптасын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

222

Бір топ жасөспірім 16 жастағы қызды қинап ұстаған. 

Қызылордада оқушылар сыныптасын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Фото: 24 канал

Қызылорда қаласында мектеп оқушылары сыныптасын секс-құлдықта ұстаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, жасөспірім отбасының жалғыз қызы. Ол жоғалып кеткен соң ата-анасы полиция мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау инспекторы мен қылмыстық іздестіру бөліміне арыз түсірген. Алайда құқық қорғау органдары қызды іздемеген. Керісінше ата-анасын қорқытып, ата-ана құқығынан айырамыз деген екен. 

"Құқық қорғау органдарының қорқытуына тап болған ата-ана қызын өздері іздеуге кіріскен. Қыз ара-тұра ата-анасына видеоқоңыраумен хабарласып, кафеде даяшы немесе гүл сататын дүкенде сатушы болып жұмыс істейтінін айтқан. Әкесі мен шешесі қызына барғанда, ол полиция қызметкерлерінің жай ғана видеоға түсіріп, кетіп қалғанын жеткізген. Қызы ата-анасына шу шықпас үшін өзін өтірік айтуға мәжбүрлегенін айтқан", – дейді Дина Таңсәрі. 

Дина Таңсәрінің сөзінше, сыныптастары қызға ата-анасын өлтіретінін айтып қорқытқан.

"Қызылорда полициясымен аталған дерек бойынша күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады", - деп хабарлады Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ал, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева дәл осы жағдай бойынша әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, қылмыстық іс қозғалғанын, бұл оқиғаның назарда екенін хабарлады.

"Қызылорда облысындағы жағдайға қатысты айтар болсам, аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, сот-сараптамалық экспертиза жасалып жатыр. Кеше маған жәбірленушінің тәтесі хабарласты. Аталған іс бойынша ҚР ІІМ-мен бірлесіп, жауапты органдармен бірге жұмыс жасап жатырмыз", - деп жазды Динара Закиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу