Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі жасап, оларды сатумен айналысқан адам ұсталды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
"Жасырын есірткі зертханасында тінту нәтижесінде шамамен 2 кг "A-PVP" синтетикалық есірткісі ("қара нарықтағы" құны шамамен 34 млн теңгені құрайды), орау материалдары, шыны құтылар, магнитті араластырғыш, сорғылар, түтікшелер, шыны цилиндрлер, респираторлық бетперделер, электрондық таразы, 2 кг реагент, 40 литр әртүрлі прекурсор және зертханалық жағдайда психотроптық заттар жасау кезінде қолданылатын өзге де айлабұйымдар алынды",– деп жазылған хабарламада.
ҚР ҚІК 128-бабына сәйкес ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.