Ескі көлік үшін 200 мың теңге төленеді

4444

Нарықтағы ең арзан машиналар қымбаттайтын болды. 

Ескі көлік үшін 200 мың теңге төленеді

Қолданыстан шыққан көлік құралдарын қабылдаудың жаңа шарттарына сәйкес, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап М1 (жеңіл көліктер) санатындағы машина үшін берілетін төлем айлық есептік көрсеткішке байланысты болады. Енді  жеңіл көлік үшін 72 АЕК (200 016 теңге), ал 2 категориядағы (толық емес жиынтық) көлік үшін 54 АЕК (150 012 теңге) төленеді.

Бұрын бүлінбеген машина өткізгендерге 150 мың, ал бөлшектелген, бірақ құжаты түгел автокөлік өткізгендерге 48 мың теңге берілетін. Ал енді бұл төлем үш есе артты, ең бастысы машинаның шанағы, қозғалтқышы мен қорабы орнында болуы керек. Өтемақы екі күнде беріледі.

"Оператор РОП"  ЖШС баспасөз қызметі хабарлағандай, отандық жеңіл көлікті несиеге алуға мүмкіндік беретін сертификаттан бас тарту жөнінде шешім қабылданды. Олар тек автобустар мен жүк көліктері үшін беріледі. Бұрын өткізілген машинаға берілген сертификат онда көрсетілген мерзім өткенше күшін жоғалтпайды.

Осы көктемде "Оператор РОП"  ЖШС-нің ақпараттық жүйесі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің сервистік орталығымен біріктірілген еді. Нәтижесінде ескі автокөлікті өткізу үшін өтінімді қарау мерзімі екі күнге қысқарды. Көлік иесі ұсынған ақпаратты полиция базасымен салыстыру автоматты түрде жүргізіледі және ол бұрынғыдай бір ай емес, бір минутта жүзеге асады.   

Қазіргі уақытта ескі көлік қабылдайтын орындар қайта жұмыс істей бастады. Утилизация бағдарламасы іске қосылған сәттен бері Қарағанды облысындағы қайта өңдейтін зауытқа 130 мың машина жіберілді.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу