Газа секторында бітім және тұтқындар алмасуы жөніндегі келіссөздерге делдалдық жасап жүрген Қатарға бағытталған Израиль шабуылы салдарынан 6 адам қаза тапқан еді. Осыған орай, Доха үкіметі халықаралық алаңдарда дипломатиялық қадамдарын жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Қатардың ресми ақпарат агенттігі QNA таратқан мәліметке сәйкес, Доха үкіметі бұл оқиғаға қатысты ICAO Кеңесінің төрағасына ресми хат жолдаған.
Ұйымдағы Қатардың тұрақты өкілі Иса Абдулла әл-Малики қол қойған хатта, 9 қыркүйектегі Израильдің соққысы Қатардың егемендігіне қол сұғу әрі Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго конвенциясының ашық бұзылуы екені атап өтілген. Сондай-ақ Қатар халықаралық құқық аясындағы барлық құқықтарын сақтап қалатынын жеткізген.
Еске салайық, 9 қыркүйек күні Израиль әскері Дохадағы ХАМАС келіссөз делегациясы орналасқан ғимаратқа әуе соққысын жасады.
Шабуылдан ХАМАС жетекшілері аман қалғанымен, 6 адам қаза тапты: олардың ішінде ХАМАС саяси бюросы мүшесі Халил әл-Хайе, қозғалыстың 4 мүшесі және Қатардың бір полиция қызметкері бар.
10 қыркүйек күні Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Қатарға егер олар осы адамдарды елден шығармай немесе сотқа тартпаса, Израиль өз қолымен мәселені шешуге мәжбүр болатынын ескерткен.