Ет өнімдерінің экспорты артты

1859

Биылғы 10 айда елге құны 221,1 млн АҚШ доллары болатын 67,5 мың тонна ет әкелінді. 

Ет өнімдерінің экспорты артты

Жалпы 2018 жылы шетелге құны 82 млн 900 мың АҚШ доллар болатын 77,6 мың тонна мал шаруашылығы өнімдері экспортталған. 2019 жылы бұл көрсеткіш 102 мың тоннаға жетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Осылайша, экспорт көлемі 149,3 млн АҚШ долларын құрап, былтырғыдан 80 пайызға артқан.

Айта кетелік, ірі қара малды шетелге шығару көлемі биыл 3 есеге көбейген, ал тірі ешкі мен қойды экспорттау 10 есеге ұлғайыпты.

Импортқа келсек, биыл 10 айда елге құны 221,1 млн АҚШ доллары болатын 67,5 мың тонна ет әкелінді. Ал 2018 жылы 52,3 мың тонна ет импортталып, 142,3 млн АҚШ долларға ауыл шаруашылығы өнімі  жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу