Эталон маркалы мұнай бағасы төмендеп жатыр

558

Нарықтағы жағдай көңіл көншітіп отырған жоқ.

Эталон маркалы мұнай бағасы төмендеп жатыр

Шикізат құнының арзандауына Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленістің өршуі түрткі. Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 4,9%-ға түсіп, шамамен 34,32 доллар болды .Ал WTI құны 5,67%-ға арзандап, баррелі 32,4 долларды құрады. 

Еске сала кетсек, осы аптада Гонконгты ереуілдер шарпыған еді. Бұған Қытайдың осы аймақтың ұлттық қауіпсіздігіне қатысты заң қабылдау туралы жоспары себеп болды. Яғни құжат бойынша Бейжің арнайы әкімшілік аймақта өзінің ұлттық заңын енгізіп, басқа сыртқы күштердің Гонконгтың ісіне араласуына тыйым сала алады. Бірқатар басылымдардың дерегінше, заң тамыз айында күшіне енуі мүмкін. АҚШ тарабы Қытайдың бұл әрекетіне қарсылығын білдірді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: cnbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу