Эталон маркалы мұнай құны осы аптада төмендеп кетті

770

Бұған Қытай экономикасы өсімінің баяулауы мен АҚШ-тағы мұнай қорының өсуі себеп.  

Эталон маркалы мұнай құны осы аптада төмендеп кетті

Сондай-ақ бағаның түсуіне әсер еткен факторлардың қатарында әлемдік сұраныстың азаюы мен Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда дауы бар.

Қытай экономикасының 1992 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішті көрсетуі әлемдік экономикаға кері әсерін тигізуде.

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі небәрі 7 центке қымбаттап, баррелі 59,98 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 25 центке көтеріліп, барреліне 54,18  долларды құрады.

Сауда текетіресінің кесірінен Қытайдың АҚШ-қа экспорт жасауы кеміп жатыр. Бұның салдарынан қытайлық компаниялардың кірісі дефляциялық қысымға ұшырауда.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу