Эталон сұрыпты мұнай бағасы өсті

887

Brent баррелі 55,43 долларға саудаланып жатыр. 

Эталон сұрыпты мұнай бағасы өсті

Сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді. Дегенмен вакцинаға қатысты жағдай, коронавирустың таралуы мен жаңа штамдардың пайда болуы сияқты факторлар оның әлі де өсуін тежеп отыр. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелі 0,71%-ға қымбаттап, 55,43 доллар болды. WTI сұрыпты мұнай бағасы 0,5%-ға көтеріліп, қазір бір баррелі 52,46 долларға саудаланып жатыр.

Пандемиядан қатты зардап шеккен елдерде вакцинацияның басталуы және Сауд Арабиясының шикізат өндірісін қысқартуы нарықты оңалтты. Дегенмен коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуы динамикаға кері әсерін тигізіп отыр. Reuters болжамы бойынша, мұнай бағасы 2021 жылдың желтоқсан айына дейін құбылады, сұраныс қалпына келгеннен кейін өсе бастайды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: brecorder.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу