Эталон сұрыпты мұнай бағасы шамамен 1%-ға өсті

844

Осы аптада мұнай бағасының құбылуы салдарынан кейбір Еуропа елдерінде карантиндік шаралар ұзартылды.

Эталон сұрыпты мұнай бағасы шамамен 1%-ға өсті Фото: reuters.com

26 наурызда мұнай бағасы көтерілді, бірақ алдағы күндері тағы да төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай фьючерстері 1,03%-ға қымбаттап, 62,59 доллар болды. WTI сұрыпты мұнай бағасы 1,28%-ға артып, бір баррелі 59,31 долларға саудаланып жатыр.  

Бейсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, осы аптаның басынан бері Brent сұрыпты мұнай шамамен 4%-ға, WTI 5%-ға арзандады. Нарықта құбылмалылық орнады. Өйткені 24 наурызда шикізат бағасы күрт құлдырап, артынан шарықтап кеткен еді. 

Осы аптада мұнай бағасының құбылуы салдарынан кейбір Еуропа елдерінде карантиндік шаралар ұзартылды. 

"Еуропада карантиндік шектеулердің күшеюі нарықты алаңдатты. Бірақ індет дамушы елдерде де кең етек жаюда. Мысалы, Үндістан мен Бразилияда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Бұл елдер мұнайды көп тұтынатын елдердің қатарында. Сондықтан бұл фактор шикізат бағасына тікелей әсер етеді", – дейді OANDA сарапшысы Софи Гриффитс.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу