Эталон сұрыпты мұнай бағасы төмендеп жатыр

831

Brent баррелі 61,12 долларға саудаланып жатыр. 

Эталон сұрыпты мұнай бағасы төмендеп жатыр

Сауда қорытындысы бойынша эталон сұрыпты мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлады іnbusiness.kz порталы Investing.com басылымына сілтеме жасап. Ресми дерек бойынша, Brent маркалы мұнайдың баррелі 0,57%-ға арзандап, 61,12 доллар болды.WTI фьючерстерінің бағасы 0,55%-ға төмендеп, бір баррелі 58,68 долларға саудаланып жатыр.

Құрама Штаттардағы мұнай қоры 6,6 миллион баррельге азайған. S&P Global Platts бұған дейін 2,7 млн баррельге төмендейді деп топшылаған еді. Citigroup сарапшыларының болжамынша,2021 жылдың соңына дейін Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 70 долларға дейін көтерілуі мүмкін. Өйткені қазір ОПЕК+ келісімі ұсынысты шектеп отыр, ал сұраныс болса, біртіндеп артуда.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу