Еуразиялық банктің директорлар кеңесіне тәуелсіз директор сайланды

1135

Еуразиялық банктің директорлар кеңесіне тәуелсіз директор сайланды

"Еуразиялық банк" АҚ акционерлерінің шешімімен директорлар кеңесі құрамына жаңа тәуелсіз директор - Инесса Ким сайланды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Тәуелсіз директорды тағайындау 2017 жылдың басында қабылданған банктің даму стратегиясын іске асырумен байланысты және корпоративтік басқару сапасын арттыруға, оны үздік халықаралық тәжірибемен сәйкестікке келтіруге бағытталған.

Осылайша "Еуразиялық банк" АҚ директорлар кеңесі мүшелерінің құрамы 10 адамға дейін өсті

Инесса Чер-Хвановна Ким - 20 жылдық өтілі бар кәсіпқой банкир. Өз мансабын 1998 жылы Қаз. КСР байланыс министрлігінің республикалық ақпараттық-есептеу орталығында бастаған. Өткен жылдар ішінде халықаралық және қазақстандық банктерде басшылық қызметте болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу