Мәжілісте "Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасы бойынша қорытынды құжат әзірлеу бастамасы көтерілді.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусиннің мәлімдеуінше, комитет мүшелері ҚР Үкіметі енгізген "1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патенттік конвенцияға өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қарап, оң қорытынды ұсынды.
"Хаттаманың мақсаты – өнертабыстарға арналған Еуразиялық патенттерді тіркеудің қолданыстағы жүйесіне ұқсас өнеркәсіптік үлгілерге қатысты өңірлік жүйе құру. Бұл жүйе ел аумағынан тыс жерлерде өнеркәсіптік үлгілерді қорғауға алу рәсімін оңайлатады және Еуразиялық патенттік ұйымның Еуразиялық патент ведомствосына бір өтінім беру арқылы әкімшілік кедергілерді азайтады. Баяндалғанның негізінде комитет заң жобасын Мәжілістің жалпы отырысының талқылауына енгізуге болады деп есептейді", – деді Қанат Мусин.
Қанат Махамбет