Еуроодақ АҚШ-қа қатысты күтпеген шешім қабылдады

388

Венгрия ғана бұл шешімді қолдамады. 

Еуроодақ АҚШ-қа қатысты күтпеген шешім қабылдады Фото: nbcnews.com

Еуроодақ елдері АҚШ-қа қарсы жаңа сауда тарифтерін бекітті. Еуроодақ Кеңесі бұл шешім 16 сәуірден бастап қолданысқа енетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

Дереккөздердің хабарлауынша, кейбір америкалық тауарлар түріне қарсы тарифтер 10-25 пайыз аралығында болады. Тізімге темекі, мотоциклдер, құс еті, болат және алюминий енген. Баж салығын арттыруға Венгриядан басқа 27 елдің 26-сы дауыс берді.

Сәуірдің басында АҚШ президенті Дональд Трамп Еуроодақ елдерінен келетін өнімдерге тарифтерді 20 пайызға дейін көтерген болатын.

Қарымта жауап ретінде Еуропа 25 пайызға дейінгі қосымша тарифтерді енгізу жоспарын қарастырды. Бұл шешім күшіне енген жағдайда америкалық тауралардың көптеген түріне әсер етеді. Өнімдердің жалпы сомасы шамамен 22,1 миллиард еуроға бағаланып отыр. Тариф салынатын өнімдер тізіміне ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарлары: соя бұршағы, ет, темекі, темір, болат және алюминий кіреді.

АҚШ-тың импорттық тарифтерді арттыруына пайда болған жаһандық экономикалық дағдарысты аз уақыттың ішінде шешу мүмкін емес. Швейцарияның UBS банкінің басшысы Серджио Эрмотти осындай пікірде.

Айта кету керек, осыған дейін Дональд Трамп қытай тауарларына баж салығын 125%-ға дейін арттырғанын жазғанбыз. Сарапшылар Ақ үй басшысының саясаты талай елді әбігерге салғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу