Еуроодақ елдерінің министрлері Таяу Шығыстағы жағдайды талқылауға жиналмақ

149

Ертең Брюссель қаласында Еуропалық Одақтың Сыртқы істер кеңесінің отырысы өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еуроодақ елдерінің министрлері Таяу Шығыстағы жағдайды талқылауға жиналмақ Фото: globalnews

Бүгін Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас мәлімдеме жасады.

"Иранға ядролық қару жасауға жол беруге болмайды, өйткені бұл халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Барлық тараптарды шегініп, келіссөздер үстеліне қайта отыруға және жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеуге шақырамын", – деді ол.

Оның айтуынша, ЕО сыртқы істер министрлері бұл мәселені дүйсенбі күні арнайы талқылайды.

Бұған дейін АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасап, Трамп операцияны "сәтті өтті" деп айтты.

Көп ұзамай Дональд Трамп Иранның уран байыту нысандарын толықтай жойғанын мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу