Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Хосеп Боррель айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Талибан" соғыста жеңіске жетті. Бізге олармен гуманитарлық және көші-қон дағдарысының алдын алу үшін мүмкіндігінше тезірек диалог бастау қажет", – деді Жозеп Боррель Еуроодақ сыртқы істер министрлігі басшыларының Ауғанстандағы жағдай бойынша өткізген бейнеконференциясында сөйлеген сөзінде.
Оның түсіндіруінше, сөз "Талибанның" билігін мойындау туралы емес, диалог құру туралы болып отыр.
"Олардың билігін ресми тану туралы әңгіме жоқ, бірақ практикалық мәселелерді шешу керек. Мысалы эвакуация үшін Кабул әуежайына кіру қажет. Бұл үшін жергілікті билік органымен байланыс орнатылуға тиіс. Диалогты Ауғанстанда шетелдік террористік күштердің пайда болуын болдырмау жолын іздеуге бағыттан жөн", –деді Жозеп Боррель.
Қанат Махабет