Еуропа басшылары Украина мәселесінде қандай келісімге келді?

156

Ұлыбритания астанасы Лондонда еуропалық мемлекеттер басшыларының қатысуымен Украина мәселесі қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Еуропа басшылары Украина мәселесінде қандай келісімге келді? Фото: Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер ұйымдастырған еуропалық лидерлер саммитіне қатысты. Сондай-ақ Сандрингем сарайында III Чарльзбен кездесті.

Саммиттің негізгі мақсаты Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтату жоспарын әзірлеу болды. Кир Стармердің айтуынша, бұл жоспар кейінірек АҚШ-пен талқыланып, содан кейін бірлесіп іске асырылмақ.

Кездесу қатысушылары соғыс жалғасып жатқан кезде Украинаға әскери көмек көрсетіп, Ресейге экономикалық қысымды арттыруға келісті. Олардың пайымдауынша, Украина егемендігі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, сол себептен Киев келіссөздер үстелінде отыруы тиіс. Бұдан басқа бейбіт келісім жасалған жағдайда, еуропалық көшбасшылар келешекте Ресейдің Украинаға басқыншылығын болдырмауға тырысады. Сондай-ақ Украинада коалиция құру бастамасы да айтылды.

"Біз Трамптың тұрақты бейбітшілік орнатудың шұғыл қажеттілігі туралы пікірімен келісеміз. Енді біз осы мақсатқа бірлесіп жетуіміз керек",  деді Ұлыбритания премьер-министрі. 

Оның айтуынша, саммитке қатысқан көшбасшылар жақын арада тағы да кездесуге уағдаласты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу