Еуропаға жылдамдығы секундына 47 метрге жететін "Фабиен" дауылы жетті, деп хабарлайды Atameken Business.
Дауыл салдарынан өзендер арнасынан асып, 9 адам қайтыс болды. Із-түзсіз кеткендер саны нақтыланып жатыр.
Испанияда теңіз толқындары 7-8 метр биіктікке дейін көтерілді. Электр желілері үзілгендіктен, қазір бұл елдің кейбір аймағы жарықсыз отыр. Бірқатар әуе рейсі тоқтатылды.
Португалия, Францияда да пойыздар тоқтаған. Жерорта теңізіндегі кеме қатынасына тыйым салынды. Ал Венеция территориясының 30 пайызын су алып кетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу