Еуропада індеттің үшінші толқыны басталуы мүмкін

651

ДДСҰ дереу шара қабылдауға үндеп отыр.

Еуропада індеттің үшінші толқыны басталуы мүмкін Фото: reuters.com

2021 жылдың басында Еуропаны коронавирус пандемиясының үшінші толқыны шарпуы мүмкін. Оны болдырмас үшін елдер вируспен күрес жүргізудің жүйесін енгізуге тиіс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осылай деп отыр. 

"Еуропа індеттің бірінші толқыны кезінде вирусты ауыздықтай алмады. Ал қазір екінші толқын өршіп жатыр. Егер олар бірлесе ортақ инфрақұрылым енгізбесе, келесі жылдың басында індеттің үшінші толқыны басталады", – дейді ұйым өкілдері.

ДДСҰ дерегіне сүйенсек, басқа өңірлермен салыстырғанда Еуропада вирус жұқтырғандар саны басым. Өткен аптада жалпы науқастардың 46%-ы мен қаза тапқандардың 49%-ы еуропалық елдерге тиесілі екені тіркелді. Десе де карантин шараларының арқасында ауруға шалдығу көрсеткіші 10%-ға төмендеген.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу