Еуропада пандемияның үшінші толқыны басталуы мүмкін

666

Індет салдарынан бірқатар елде туу көрсеткіші күрт төмендеген. 

Еуропада пандемияның үшінші толқыны басталуы мүмкін

Еуропада коронавирус пандемиясының үшінші толқыны басталуы мүмкін. Роберт Кох институтының президенті әрі профессор Лотар Вилер осындай болжам жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, егер вакцина жеткілікті түрде егілмесе, шектеулер күзде де енгізілуі мүмкін. 

"Мен басқа елдер туралы айта алмаймын. Германияда үшінші толқын басталады. Нақты нышандары бар. Қоғамдық денсаулық сақтау шаралары, соның ішінде байланыстарды азайту және бетперде кию режимі әлі де сақталуы керек екені анық", – деді Лотар Вилер.

Ол басқа мемлекеттерді шектеу шараларын сақтауды жалғастыруға үндеді. Вилер Германия қысқа уақыт аралығында мүмкіндігінше көп адамды вакцинациялау қажет екенін, әйтпесе індеттің өршіп кететінін атап өтті. 

Бұған дейін El Pais газеті бірқатар елде пандемия кесірінен туу көрсеткіші күрт төмендегенін хабарлаған еді. Испанияда 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың қаңтарында туу көрсеткіші 22,6 пайызға кеміді. Ұлттық зерттеу кеңесі институтының директоры Диего Рамироның айтуынша, алдағы жылдары бірқатар ел демографиялық құлдырауға тап болуы әбден мүмкін.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу