Еуропаның Орталық банкі базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

1050

 Еуропаның Орталық банкі базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Еуропаның Орталық банкі қаңтар айындағы отырыс нәтижесінде кредит бойынша базалық мөлшерлемені нөлдік деңгейде өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды 7күн.

Депозиттер бойынша мөлшерлеме минус 0,4% деңгейінде сақталса, маржалық кредит бойынша ставкалар 0,25% деңгейінде.

Бұдан бөлек ЕОБ активтерді сатып алу бағдарламасын (QE) өзгертпейтін болды. Оның көлемі 2017 жылдың наурыз айын қоса есептегенде ай сайын 80 млрд еуроны құрайды. Ал сәуір айынан бастап 60 млрд еуроға дейін қысқарады.

Альпари сарапшыларының сөзінше, ЕОБ экономикаға жұмсақтық таныту мақсатында қатысушылары үшін базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырып отыр. Бұдан еуроаймақтың экономикалық жүйесі біртіндеп қалпына келе бастайды.

Айта кетейік, Еуропаның Орталық банкі еуроаймақтағы алтынвалбюталы резервтерді басқару мен еуро эмиссиясына жауап береді және базалық мөлшерлемені анықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу