Эвересті бағындырған қазақстандық альпинистерге пәтер берілді

541

Ғаламшардың ең биік шыңы Эверест шыңына (8 848 м) шыққан қазақстандық альпинистер Мақсұт Жұмаев, Анар Бурашева және Әлмір Қымбатбайұлына пәтер сертификаттары табыс етілді, 

Эвересті бағындырған қазақстандық альпинистерге пәтер берілді Фото: А. Павский

Бүгін экспедиция қатысушылары – Эверестке шыққан тарихтағы тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева мен оның жетекшісі, ғаламшардағы 14 сегіз мыңдықтың барлығын бағындырған аты аңызға айналған қазақ альпинисі Мақсұт Жұмаев және Әлмір Қымбатбайұлы баспасөз мәслихатын өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Іс-шара барысында қазақстандық ірі құрылыс компаниясы үш альпиниске Алматыдан екі бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті.

Еске сала кетсек, қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңына шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу