АҚШ-тың Федералды сауда комиссиясы мен елдің барлық дерлік штаты компанияны сотқа бергеннен кейін, Facebook Inc Instagram мен Whatsapp әлеуметтік желілерін сатып жіберуі мүмкін.Олар корпорацияны бәсекелестік ережесін бұзды деп айыптап отыр.
Олардың арызына сүйенсек, Facebook нарықта үстемдігін орнату үшін қарсыластарын сатып алған. Еске сала кетсек, 2012 жылы Марк Цукербергтің компаниясы 1 млрд долларға Instagram-ды, 2014 жылы Whatsapp желісіні 19 млрд долларға сатып алған еді.
Осындай қуынымдардан кейін Facebook акцияларының құны 3%-ға арзандап кетті. Бірақ кейін бағасы 9 желтоқсандағы сауда қорытындысы бойынша небәрі 1,9%-ға төмендеді.
Табиғат Нұрболат
Фото: investing.com