Facebook Inc мереке күндері онлайн саудагерлердің жарнамасы арқасында мол табысқа кенелді. Оның акциялары сәл де болса тұрақталды.
Жарнамадан тұратын жалпы кіріс көлемі төртінші тоқсанда 33%-ға артып, 28,07 млрд долларға жетті. Бір жыл бұрын 21,08 млрд доллар болған еді.Refinitiv-тің IBES мәліметі бойынша, бұған дейін сарапшылар бұл көрсеткіш 26,44 млрд доллар болады деп топшылаған еді.
Осылайша компанияның төртінші тоқсандағы таза пайдасының көлемі 11,22 млрд долларға дейін өсті. Яғни бір акциясының құны қазір шамамен 3,88 доллар. Өткен жылғы пайда көлемі 7,35 млрд доллар болған еді.
Тағы бір жайт, Facebook-тің ай сайынғы белсенді қолданушыларының саны 12%-ға артты. Әлеуметтік желіні қазір 2,8 млрд адам қолданады. Сарапшылар бұл көрсеткіш 2,75 млрд шамасында болады деп болжаған еді.
Табиғат Нұрболат
Фото: apnews.com