Facebook Қазақстанмен келісім туралы ақпаратты растады

872

Бұл туралы Meta компаниясының мемлекеттік саясат жөніндегі директоры Джордж Чен мәлімдеді.  

Facebook Қазақстанмен келісім туралы ақпаратты растады

Meta компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі өңірлік директоры Джордж Чен Қазақстанның компанияның "Контентті хабардар етудің ішкі жүйесіне" қосылғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Meta-ның (Facebook) бүкіл әлем үкіметі үшін жергілікті заңнаманы бұзады деп санайтын мәтін туралы хабарлауға арналған онлайн каналы бар. Қазақстан "Контентті хабардар етудің ішкі жүйесінің" бір бөлігіне айналды", – деп жазды Джордж Чен Facebook парақшасында. 

Бұған дейін Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Meta (Facebook) компаниясымен келісімге келгенін хабарлаған болатын. Ведомство басшысы Аида Балаеваның айтуынша, министрлік Meta компаниясымен жағымсыз контентке, әсіресе балаларға зиянды ақпаратқа қарсы тұруда өзара ынтымақтастық орнату жөнінде келісімге келген. Алайда Meta Platforms компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағының саяси коммуникациялар директоры Бен Макконахи Қазақстан үкіметімен бірлескен мәлімдеме жасалғанын жоққа шығарды.

Бұл ретте Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан мен Facebook-тің бірлескен мәлімдемесі Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша Meta кеңсесінің басшылығымен келісілгенін мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу