Фанера зауыты келер жылы іске қосылады

741

Жоба құны – 1,7 млрд теңге.

Фанера зауыты келер жылы іске қосылады

СҚО-да өнеркәсiп саласында 34 жоба жүзеге асып, 226 млрд тг. тартылады. 3 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір әкімдігінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

"Бiздiң мақсат – экономиканы аграрлы-индустриялы ету. Жаңа кәсiпорындар ашып, өндiрiс көлемiн ұлғайту керек",– дедi Құмар Ақсақалов.

Өңірде фанера зауыты, шрот шығаратын цех, термовагондар зауыты, электротехникалық кәсiпорын және ағаш өңдеу зауыты iске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ,  жел паркi салынады, 25 жел генераторы орнатылып, 50 мегаватт электр қуаты өндiрiледi. Аталған жобаларды алдағы екі жылда іске асыру көзделген.

"Бұл жобалар өңiр экономикасына тың серпiн бередi",– деді әкім жиында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу