Фермерлер қосылған құн салығын төлегісі келді – Азамат Әмрин

174

Жаңа Салық кодексінде көптеген тауар түрлері ҚҚС-тан босатылған. 

Фермерлер қосылған құн салығын  төлегісі келді – Азамат Әмрин Фото: gov.kz

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин қосылған құн салығын  тікелей бюджетке төлеу бастамасы фермердің өздері көтергенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вице-министр ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін көтеру экономикаға қалай ықпал ететінін айтты.

"ҚҚС-тың өсуі инфляцияға 2-2,5% көлемінде ықпал етеді. Бірақ бұл әсер жаппай болмайды. Мәселен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өз еркімен қосылған құн салығын төлеуші бола алады. Мен астық пен сүт өнімдерін өндіретін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездестім. Біз оларды ҚҚС-тан толық босатуды ұсындық. Бірақ бизнес бізге ҚҚС төлеуге рұқсат беріңіздер деді. Біз оларға бұл құқықты бердік", – деді Азамат Әмрин Сенат кулуарында.

Вице-министрдің сөзінше, жаңа Салық кодексінде көптеген тауар түрлері ҚҚС-тан босатылған.

Айта кету керек, бұған дейін Жаңа Салық кодексінде кімдер ҚҚС төлеуден босатылатыны белгілі болғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу