Ферроқорытпа зауытында күйіп қалған тағы бір қызметкер қайтыс болды

392

1999 жылы туған науқастың денесін 90% күйік шалған.

Ферроқорытпа зауытында күйіп қалған тағы бір қызметкер қайтыс болды Фото: sadaqmedia.kz

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тағы бір қызметкер қайтыс болды. 25 жастағы жұмыскердің қаза болғанын Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Дәрігерлердің бүкіл күш-жігеріне қарамастан Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы бір қызметкерінен айырылдық. 1999 жылы туған науқастың денесін 90% күйік шалған. Осы уақытқа дейін ол өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқан. Марқұмның жақын туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", – деп хабарлады облыстың Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

25 жастағы Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы ферроқорытпа зауытында технолог болып жұмыс істеген.

Осыдан екі күн бұрын денесін 85% күйік шалған Музафар Исмаилов та көз жұмған еді.

Ол бүгін Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Үміткер ауылында жерленді.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыда ферроқорытпа зауытының пешінде кенеттен жалын шықты. ТЖ салдарынан кәсіпорынның сегіз қызметкері зардап шекті.

Олар профессор Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

Қарағанды дәрігерлеріне елордадан әріптестері көмекке келді.

Компания қаза тапқан қызметкердің отбасына он жылдық жалақысы төленетінін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу