Ферроқорытпа зауытының қызметкерлері құтқарушыларды ішке кіргізбеуге тырысқан

334

Зауыт 200 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды.

Ферроқорытпа зауытының қызметкерлері құтқарушыларды ішке кіргізбеуге тырысқан Фото: Pixabay.com

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы апатқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерден зауыттағы апат бойынша хабарлама қай уақытта түскенін, құтқарушылар оқиға орнына қашан жеткенін сұрады.

"Негізінен оқиға таңғы сағат 04.10-да болған. Өкінішке қарай, ол хабар бізге 06.08-де түскен. Демек хабар екі сағаттан кейін түскен. Бұл азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға қайшы келеді. Құтқарушылар санаулы минуттарда жетті, бірақ мекеменің қызметкерлері біздің құтқарушыларды ішке кіргізбеуге тырысқан. Сондықтан оларға әкімшілік шара қолданылып жатыр. Әкімшілік іс қозғалды, оның бәрі сотқа өтеді. Республика аумағында орналасқан барлық мекеме, азаматтар осындай төтенше жағдай туындаған кезде, өзінің мекемесінің аумағына құтқару күштері мен құралдарын кіргізуге міндетті. Сондықтан әкімшілік іс қозғалуына байланысты мекемеге 200 АЕК көлемінде айыппұл салынатын болады", - деді вице-министр.

Журналистер "Олардың құтқарушыларды кіргізбеуге хақысы бар ма?" деп нақтылады.

"Мұндай нысандарда өздерінің құтқарушылары болады. Бірақ заңнамаға сәйкес, олардың күші жетіп жатыр ма, жоқ па – біздің құтқарушылар келгеннен кейін, олар мекемеге кіруі керек", - деп атап өтті Бауыржан Сыздықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу