Филиппин Қытаймен соғысқа дайын — қорғаныс министрі

478

Филиппин Оңтүстік Қытай теңізінде (ОҚТ) Қытаймен тікелей қақтығыс болған жағдайда соғыс қимылдарына дайын.

Филиппин Қытаймен соғысқа дайын — қорғаныс министрі Фото: zn.ua

Бұл туралы CNN-ге берген сұхбатында елдің қорғаныс министрі Гилберто Теодоро мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Филиппиндер ҚХР-мен тікелей әскери қақтығысқа ұмтылмайды, бірақ шабуыл жасалған жағдайда өздерінің егемендігін қорғаудан тайынбайды.

"Біз балықшылар мүддесі үшін, теңіз байлығы үшін, архипелаг мемлекеті ретіндегі тұтастығымыз үшін күресеміз. Егер біз тоқтасақ, Қытай біздің егеменді юрисдикциямыз бен егеменді құқықтарымызды таптап, территориямызға енеді", — деді ол.

Филиппин жағалау күзеті филиппиндік балықшыларды ОҚТ-дағы Скарборо рифі аймағына кіргізбеу үшін Қытай орнатқан қалқымалы тосқауылды алып тастады.

Өз кезегінде Қытайда өзінің ОҚТ-дағы Хуаньян аралына (Скарборо рифі) иелігі үшін күресетінін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу