Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруі туралы Түркиямен келіссөздер тоқтатылуы керек

521

Бұл туралы Финляндияның премьер-министрі Пекка Хаависто мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

 Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруі туралы Түркиямен келіссөздер тоқтатылуы керек

"Біз үш жақты келіссөздерге қайта оралмас бұрын жағдайдың қандай нәтижеге жеткізетінін бақылауымыз қажет, үзіліз алған абзал болады, сондықтан әзірге ешқандай қорытынды жасалмауы керек", — деді ол.

Хаавистоның сөздері Түркия СІМ-нің Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүшелігіне қатысты Анкараның алаңдаушылығын жою туралы үш жақты меморандумды бұзды деген айыптауларының аясында айтылды. 

Бұған дейін Дат ультра оңшыл саясаткері, исламға қарсы Stram Kurs партиясының ("қатаң курс") басқарушысы Расмус Палудан жұрт көзінше Құранды өртеп жіберді. Бұл әрекетке Швеция билігі рұқсат бергені анықталды. Жауап ретінде Түркия Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсылығын білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу