Финляндияның Қорғаныс министрі ресейліктердің мүлкі тәркіленуі мүмкін екенін мәлімдеді

687

Мұндай шара "Мемлекет қауіпсіздігі үшін маңызды" аумақтағы объектілерге қатысты болмақ. 

Финляндияның Қорғаныс министрі ресейліктердің мүлкі тәркіленуі мүмкін екенін мәлімдеді

Қажет болған жағдайда билік Финляндиядағы ресейліктер сатып алған мүлікті иеліктен шығара алады, деп мәлімдеді елдің қорғаныс министрі Антти Кайкконен Aamulehti газетіне берген сұхбатында.

"Қауіп төнген жағдайда, қолда қажетті дәйектер болса, әрине, мұндай шешім шығаруымыз әбден мүмкін. Оның жолы қарастырылып қойған", – деп түсіндірді Кайкконен.

Алайда ведомство басшысы "бұл шешім нақты қазір қарастырылып жатыр ма?" деген сұраққа жауап бере алмады. 

"Енді оны нақты айта алмаймын, бірақ сатып алуда құқықтық басымдылық қолданылғанын растай аламын", – деп атап өтті Финляндия Қорғаныс министрлігінің басшысы.

Соған қарамастан, Кайкконен ресейліктердің елдегі жылжымайтын мүлікке қатысты барлық мәмілелері "қауіпсіздікке қауіп төндірмейді" деп қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу