First Heartland Bank пен Цеснабанк бірігуі мүмкін

718

Бұл сұрақ 16 мамырда акционерлердің жалпы жиналысында талқыланады. 

First Heartland Bank пен Цеснабанк бірігуі мүмкін

"First Heartland Bank" АҚ мен "Цеснабанк" АҚ акционерлері екі банкті біріктіру мәселесін мамыр айында қарайтын болады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Жиналыс "First Heartland Bank" АҚ-ның және "Цеснабанк" АҚ-ның директорлар кеңесінің бастамасымен өткізілмек.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда "First Heartland Securities" АҚ "Цеснабанк" АҚ-ның қарапайым акцияларының 99,5 пайызын сатып алған болатын.  

Дегенмен бас банктен "Цеснабанк" АҚ-ның орнықты қаржы институты ретінде жұмыс істеуін жалғастыратыны айтылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу