Флоридаға барған британдық саяхатшылар Зика вирусын жұқтырды

1477

Флоридаға барған британдық саяхатшылар Зика вирусын жұқтырды

Флоридада британдық екі саяхатшы Зика вирусын жұқтырып алды. Осыдан соң британ билігі отандастарын  аталған аймаққа сапарға шықпауға кеңес берді. Бұл туралы life.ru жазып отыр.

Ауру жұқтырған британдық туристердің денсаулығы жайлы дерек жоқ. Бір белгілісі, олар аты жаман ауруды Флориданың оңтүстік-шығысында орналасқан Майами-Дейд округіне барған кездерінде жұқтырған.  Бұл аймақта Зика ауруын жұқтыру қаупі жоғары екенін айта кеткен жөн, деп жазады Daily Mail.

Англияның денсаулық сақтау қоғамдық ұйымының есебіне зер салсақ,  2016 жылғы қаңтардың басынан бері  229 британдық саяхатшы Зика вирусын жұқтырған көрінеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу