Қазақстандық лоукостер 3 қазаннан бастап Қостанай – Нұр-Сұлтан бағытында күн сайынғы рейс ашты.
Бұл туралы компанияның баспасөз мәслихаты хабарлады. Бағасы 5999 теңге тұратын билеттер сатылымы басталды. Ұшу ұзақтығы 1 сағатты құрайды.
Бұған дейін 2019 жылдың соңына дейін FlyArystan ұшу жиілігін екі есе, күніне 28 рейске дейін арттыратынын мәлім еткен еді.
Ал 2023 жылға қарай әуежай паркінің саны 2-ден 15-ке дейін көбейтілетін болады.
Қазіргі таңда әуе компаниясы Airbus-320-232 деп аталатын 2 ұшақты қолдануда. Олардың бортына 180 адам сыяды.
FlyArystan бюджеттік компаниясы - Air Astana-ның Алматыда орналасқан бөлімшесі.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу