Flydubai рейсінің төрт жолаушысы ықтимал әуе апатының алдын алғаны үшін Израильдің мемлекеттік наградасымен марапатталады. Бұл туралы шетелдік басылым жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақпаратқа сәйкес, ықтимал әуе апатының алдын алуға көмектескен Flydubai рейсінің төрт жолаушысы Израильдің мемлекеттік марапатына ұсынылады. Янив Хаюн, Шота Мусаев, Цвика Манс және Асаф Реджван экипажға шабуыл жасалған сәтте араша түскен. Үш жолаушы ұшқыштар кабинетінде шабуыл жасаған ер адамды ұстады, ал дәрігер Шота Мусаев ауыр жарақат алған ұшақ командиріне алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Израиль президенті Ицхак Герцог оларды азаматтық ерлігі үшін Президент медалімен марапаттайтынын айтты.
Айта кету керек, бұған дейін Израиль елшілігі Flydubai рейсіндегі төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.