Фонограммамен ән айтуға шектеу қойыла ма?

221

Министрлік бұл мәселені әншілермен әлі талқылап жатыр. 

Фонограммамен ән айтуға шектеу қойыла ма? Фото: Дзен

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов депутаттардың фонограммаға тыйым салу туралы бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған дейін Мәжіліс депутаттары фонограммамен ән салуға тыйым салу керегін ұсынғанын жазғанбыз.

Тілшілер бұл мәселе әртістермен талқыланды ма деп сұрады.

"Мәселе әлі талқылау сатысында. Әрине, әділеттілік тұрғысынан алып қарайтын болсақ, адам билетке ақша төлеген кезде ол әнді жанды дауыста тыңдағысы келеді. Әртістер тарапынан да белгілі бір сұрақтар бар. Күте тұрайық. Біз келіссөздер жүргізіп, тоқ етерін сіздерге айтамыз. Әрине, идеяның өзі дұрыс", - деді Евгений Кочетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу