Францияда 2 әскери ұшақ соқтығысып қалды

Абырой болғанда, әуе кемесіндегі ұшқыштар да, үшінші жолаушы да сәтті катапульталанып, қауіпсіз жерде орналасып үлгерген. 

Францияда 2 әскери ұшақ соқтығысып қалды Фото: France Blue

Мұны елдің қорғаныс министрі Себастьян Лекорню хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

AFP басылымы Францияның шығысында "Патруль де Франс" пилотаждық командасына тиесілі екі Alpha Jet ұшағы оқу-жаттығу ұшуы кезінде соқтығысқанын жазады. 

Себастьян Лекорню оқиғаның салдарын жою үшін Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерімен бірге төтенше жағдайлар қызметі де жұмылдырылғанын да жеткізді. 

– Ұшақтардың бірінде болған ұшқыштар да, үшінші жолаушы да сәтті катапульталанып, қауіпсіз жерде орналасқан, – деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде. 

Францияның қорғаныс министрінің сөзінше, оқиға айтарлықтай зардап әкелмеген және ұшқыштар жеңіл жарақат ғана алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу