Францияда наразылыққа шыққандар қатаң жазаланады

452

Бұл туралы елдің Әділет министрі мәлімдеді.

Францияда наразылыққа шыққандар қатаң жазаланады Фото: Ашық дереккөзден

Тәртіпсіздікке қатысқандарды қатаң жаза күтеді. Францияның Әділет министрі осылай деп мәлімдеді. Эрик Дюпон-Моретти-дің айтуынша, бір түнде 157 адам қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жалпы, 5 тәулікке жалғасқан наразылықта 700-дей адам тұтқындалды. Сондай-ақ, өртке оранған көлікті сөндіру кезінде 24 жастағы өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды.

Еске салайық, Нантер қаласында 17 жастағы жасөспірімді полиция атып өлтірген соң, елде жаппай наразылық басталды. Марқұм алжирлік және марокколық тектен болған соң, халық,, тәртіп сақшыларын нәсілшілдік үшін де айыптады. Олар көліктерді өртеп, дүкендерді тонады. Шығыста Париж, Страсбург және оңтүстікте Марсель мен Ницца тұрғындары жаппай көтерілді. Ішкі істер министрлігіне 45 мың полиция қызметкерін жұмылдыруға тура келді.

"Прокурорлардан бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды сұраймын. Көп жанның жараланғанын еске саламын. Күзетші тірідей өртеніп кете жаздады. Түрме қызметкерлері атыстың құрбаны болды. Мүлікке залал келді. Мұның бәрі қылмыс! Жаза қатаң болуы шарт!" - деді Францияның Әділет министрі Эрик Дюпон-Моретти.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу