Францияда зейнетақы реформасына қарсы наразылық қайта өршіді

607

Кәсіподақтар миллионнан астам адамды қала көшелеріне шығаратындарына сенімді.

Францияда зейнетақы реформасына қарсы наразылық қайта өршіді

Заң шығарушылар Парламентте халық арасында дау тудырған заң жобасына қатысты дауласып жатқанда екі жақтың да ұстанымдары күшейе түседі, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Жаңа реформа зейнеткерлікке шығу жасын 62 жастан 64 жасқа дейін арттыруды көздейді. 

Алдыңғы күні президент Эммануэль Макрон реформаның қажеттілігін алға тартса, Премьер-министр Элизабет Борн зейнеткерлік жасты 64 жасқа дейін көтеру "енді талқыланбайды" деп мәлімдеді.

Көшегі көлік пен білімнен бастап энергетика мен түрмелерге дейінгі әртүрлі кәсіби салалар өкілдері шықпақ.

Сейсенбіде SNCF теміржол операторы ереуілдерге байланысты желі жұмысы үзіліспен жүретінін ескертті. Жолаушыларға сапарлардан бас тартуға немесе кейінге қалдыруға және мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге кеңес беріледі.

Кәсіподақтың мәліметінше, ереуілге тәрбиешілер мен мұғалімдердің 50%-ы қосылады.

CGT кәсіподағы TotalEnergies мұнай өңдеу зауыттары мен қоймаларында 75-100% ереуілдер жариялады.

Соңғы рет 19 қаңтар - ұлттық ереуіл күні Француз кәсіподақтары наразылық акциясын жариялағанын жазған едік. Францияның көшелеріне миллионнан екі жарым миллионға дейін адам шықты.

Ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің айтуынша, ереуіл аясында 11 мың полиция мен жандарм жұмылдырылған, оның 4000-ы Парижде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу