Францияда жаңа премьер-министрдің есімі екі тәулік ішінде белгілі болады

245

Макрон парламентті таратпайтын болды. 

Францияда жаңа премьер-министрдің есімі екі тәулік ішінде белгілі болады Фото: СБ. Беларусь сегодня

Франция президенті Эммануэль Макрон 48 сағат ішінде жаңа премьер-министрді тағайындайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Әзірге үкіметті кім басқаратыны белгісіз. Бұған дейін отставкаға кеткен премьер-министр Себастьен Лекорню бұл қызметте 27 күн ғана отырды. 

5 қазан күні Лекорню жаңа үкімет құрамын таныстырған болатын. Министрлердің дені бұған дейін Макронның президенттігі кезінде үкіметте жұмыс істеген саясаткерлер болып шықты. Бұл шешім консервативтік республикашылдар партиясының көңілінен шыққан жоқ.  Олар бұған жауап ретінде үкімет құрамынан шығатынын айтты. Өз кезегінде оппозиция президенттің отставкасын талап етті. Осылайша Себастьен Лекорню Эммануэль Макроннан өзін қызметтен босатуды сұрады.

Францияның Ұлттық ассамблеясы 2026 жылға арналған бюджетті әлі бекітпеді.

Айта кету керек, бұған дейін Макрон премьер-министр Лекорнюға партиялармен келіссөздер жүргізуді тапсырғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу