Франкфурттан Қазақстанға бағыт алған Lufthansa әуекомпаниясының ұшағы Баку әуежайында қонуға мәжбүр болды, деп жазады inbusiness.kz "Sputnik Әзербайжан" Telegram-каналына сілтеме жасап.
"Франкфурт-Алматы-Астана бағытындағы Lufthansa ұшағы Астана әуежайындағы тұманға байланысты Бакуге қонды", - делінген хабарламада.
Әуе кемесінің бортында 123 жолаушы болған. Ұшақ Баку әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 06:58-де қонып, сағат 08:38-де Франкфурт қаласына қайта ұшты.
Еске салайық, осыған дейін Астана әуежайында 30-ға жуық рейс кешіктірілуде екенін жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу