Фристайл-могулдан Әлем кубогі: Галышева күміс, Рейхард қола жүлдегер атанды

776

Канаданың Калгари қаласында фристайл-могулдан кезекті әлем кубогі аяқталды. 

Фристайл-могулдан Әлем кубогі: Галышева күміс, Рейхард қола жүлдегер атанды

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары екі медальге ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева күміс жүлдемен көзге түсті. Қазақстандық спортшы бірінші кезеңде үздік алтылыққа еніп, финалға шықты. Жарыстың шешуші кезеңінде 2019 жылғы әлем чемпионы 80,69 ұпай жинады. Бұл оның екінші сатыға көтерілуіне сеп болды.

Аталған жарыста әйелдер арасында бірінші орынға франциялық Перрин Лаффон (81,22) ие болса, үздік үштікті канадалық Жюстин Дюфор-Лапаунт (79,94) қорытындылады. 

Өз кезегінде Дмитрий Рейхард бірінші кезеңде бесінші орыннан көрінді. Ал финалдық кезеңде нәтижесін жақсартып, үздік үштік қатарына енді. Жарыс нәтижесі бойынша Дмитрий 84,19 ұпай жинап, ел қоржынына қола жүлдені салды.

Канадалық Микаэль Кингсбери (89,09) алтыннан алқа тақса, швециялық Уолтер Уолберг (85,10) күміске иелік етті. Бөлісу

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу