2025 жылы 18 мамырда ҚР ТЖМ РЖҚЖ қызметкерлері Фурманов шыңына (3053 м) жақын тұстағы Энтузиасттар даласы ауданында таудан өз бетінше түсе алмаған туристер тобына көмек көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Олар тұман мен жаңбырдың салдарынан адасып қалған. Құтқарушылардың жедел тобы дереу "Медеу" бекетінен шығып, Қимасар шатқалы арқылы зардап шеккендерге жаяу жетті. Құтқарушылар түсуді сәтті ұйымдастырып, туристерді қызметтік көлікке жеткізді. Эвакуацияланған туристер медициналық көмекке мұқтаж емес, бәрі дін-аман", – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Алматылық құтқарушыдар бүгін де ауа райына байланысты тауға шықпауға кеңес береді. Себебі, Алматыда 19 мамырда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл соғады деп күтілуде.