Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кете ме?

735

Қазақстан ұлттық құрамасы Грекияға есе жіберді.

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кете ме? Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ұлттық құрама Грекиядан жеңілгеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Vesti.kz-ке ссілтеме жасап.

“Ұлттық құраманы шынымен де жасарту керек. Егер үлкен турнирге шыққымыз келсе, жылдамдық, динамика қажет. Футболдағы жаңа буын спорттық тұрғыдан алғанда тәкаппар, олар ештеңеден тайсалмайды. Қазір бізде ұжымдық өзара әрекеттесудің жоқтығы білінді. Чесноков, Самородов, Оразов, Астанов – ертеңгі емес, бүгінгі күннің ойыншылары. Садыбековті де айтуға болады. Жігіттерге бұл цикл жабылғанын айттым. Олар үлкен жолдан өтті. Мен Еуропа чемпионатына дейін ешқайда кетпейтінімді бұрын да айтқан болатынмын. Өз уәдемді орындадым деген ойдамын. Енді келесі циклға мен дайынмын ба, федерация дайын ба - соны ойлану керек. Әділет Назарбайұлы Барменқұловпен сөйлеспейінше, ешқандай шешім қабылдамаймын, себебі бұл адам маған көп жақсылық жасады, мені тағайындаған кезде сын-пікір естіді. Маған қатысты айтылғанның бәрінде маған қорған бола білді. 

Әрине, бұл туралы айту қиын болады. Өз көзқарасым бар. 26 күні лайықты өнер көрсету керек. Бұл ойынның ешқандай маңызы болмаса да, абыройымыз қымбат. Сақадай сай шығуға тырысамыз”, - деді Магомед Адиев.

Айта кету керек, Қазақстан Грекиядан ойсырай жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу