"Манчестер Сити" ағылшын футбол клубының жартылай қорғаушысы Яя Туре мен оның агенті Дмитрий Селюк Манчестер терактісінен зардап шеккендерге 57 мың еуро аудармақ.
Еске салсақ, "Манчестер Арена" стадионында болған жарылыстан 22 адам қаза тауып, 120-ға жуық адам зардап шеккен.
"Манчестер Сити" мен Кот-д'Ивуар құрамасының жартылай қорғаушысы, мұсылман спортшысы Яя Туре 2010 жылдан бері ағылшын клубында ойын көрсетеді.
"Туре екеуміз көмектескіміз келеді. Біз таңертең осы туралы сөйлестік, ол менімен ақылдасты. Біз аталмыш терактіден зардап шеккендерге 50 мың фунт садақа ету туралы ұйғарым жасадық. Біз үшін азаматтардың Манчестерден бе, басқадан ба, маңызы жоқ" дейді Селюк.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу