Ғалымжан Пірматов негізгі инфляциялық тәуекелдері атады

Әлемдегі ықтимал рецессия кезінде сыртқы сұраныс болжамнан төмен болуы мүмкін. 

Ғалымжан Пірматов негізгі инфляциялық тәуекелдері атады Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлемеге қатысты брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Инфляция болжамды траекторияға байланысты қалыптасуына қарамастан, проинфляциялық тәуекелдер сақталуда. Инфляцияның негізгі тәуекелдері: сауда құрылымының өзгеруі, жеделдеген инфляциялық күтулер,  жоғары азық-түлік инфляциясының сақталуы, әкімшілік реттеу кезеңінен кейін реттелетін тауарлар мен қызметтер инфляциясының артуы, Украинадағы соғысқа қатысты белгісіздік", – деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар ол әлемдегі ықтимал рецессия кезінде сыртқы сұраныс болжамнан төмен болуы мүмкін деп есептейді.

"Логистика шарттары да белгісіздік тудырып отыр. Мұның барлығы мұнай бағасының болашақтағы деңгейіне, экономиканың өсу траекториясына ықпал етуі мүмкін", – деді Ғалымжан Пірматов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу