Гаухар Танашеваның Парламенттен кету себебі белгілі болды

172

Бұрынғы депутат әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Гаухар Танашеваның Парламенттен кету себебі белгілі болды Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов бұрынғы әріптесі Гаухар Танашеваның отставкаға кетуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Магеррамов Танашева осыған дейін өзіне жүктелген міндеттерді атқарды деп отыр.

"Ол (авт. – Гаухар Танашева) өз жұмысын істеді, әлеуметтік мәселелерді көтерді. Алда жұмысшы мамандықтарына қатысты жаңа міндеттер бар. Бұл бағытта өз көзқарасымыз бен түсінігіміз бар, оны қалай жасау керегін білеміз. Бұл мәселемен депутат Нуралин айналысатын болады", – деді ол Мәжіліс кулуарында.

Сөзінше, партия жұмысшы мамандықтарын белсенді насихаттауға дайын. Ол Асылбек Нұралинге тиісті міндеттер қойылғанын атап өтті.

Айта кету керек, осыған дейін Мәжілістің жаңа депутаты ант бергенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу